Мәскеуде КамАЗ көлігі өзенге құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жүк көлігі Мәскеудің Русаков жағалауындағы Яуза өзеніне құлаған. Оқиғаның куәгерлері жүргізушіге судан шығуға көмектесті, қазіргі кезде оны жедел жәрдем дәрігерлері қарап жатыр», - деп хабарлады ТАСС агенттігі мәскеулік құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай орнына ТЖМ мен МАИ қызметкерлері келіп жеткен, сондай-ақ өзенге құлаған жүк көлігін алып шығу үшін көлік краны шақырылды.

Айта кетер жайт, 3 наурыздың кешінде тап осы жерде басқа жүк көлігі қоршауды бұзып өтіп, өзеннің үстінде көпірге ілініп қалған еді. Бір тәуірі, оқиға салдарынан зардап шеккендер болған жоқ.