Мерекелік шараға Мәскеуде және Ресей облыстарында тұратын қазақ диаспорасының өкілдері, шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары мен қызметкерлері, ресейлік қоғам қайраткерлері, ғылым және мәдениет қайраткерлері қатысты.
Шарада халық әндері мен белгілі авторлардың музыкалық шығармалары орындалды. Қонақтарға дәстүрлі Наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды.
Шараны Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігі ұйымдастырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нью-Йорк кітапханасына қазақтың танымал тұлғаларының кітаптары қойылғанын жазған болатынбыз.