Мәскеуде өткен ЕЭК Кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт жобасы талқыланды

МӘСКЕУ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің (ЕЭК) кезекті отырысы болып өтті.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері интеграцияны әрі қарай дамытуға бағытталған ережелерді есепке ала отырып, Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын талқылады.

Отырыста, сондай-ақ, сауда, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, энергетика және техникалық салаларды реттеу мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ЕЭК Кеңесі «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы», «Лак және бояу материалдарының қауіпсіздігі туралы», «Синтетикалық жуғыш құралдар және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі туралы» техникалық тәртіп туралы мәселелерді қарастырды.

ҚР бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев атап айтқандай, ЕЭК Кеңесінің жұмысы интеграциялық үрдістердің қарқындылығының, екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынастардың жоспарлы түрде нығайып жатқанының куәсі.