Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі ұйымдастырған кездесуге Ресейдің түрлі аймақтарындағы қазақтардың 35 қоғамдық ұйымының өкілдері, Қазақстанның РФ-ғы консулдық мекемелерінің басшылары, сондай-ақ РФ-ның ұлттар істері бойынша Федералдық агенттігі басшылығының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Ресейдегі қазақтардың қоғамдық ұйымдарының өкілдері өз қызметі туралы ақпараттандырды. Шараның қатысушылары Ресей Федерациясының аумағында тұрып жатқан отандастардың арасында қазақ тілін, дәстүрлерін, салттары мен мәдениетін сақтау және тарату бойынша бірлескен жұмыстар бағыттарын талқылады.