Мәскеудегі сауда орталығында Өзбекстан азаматы серігін пышақтап тастады

Мәскеудің солтүстік-батысындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде мигранттар арасында төбелес болғаны анықталды. Оқиға 10 желтоқсанда болған, деп хабарлайды Kazinform Мәскеу қаласы МТБ ТК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: видеодан алынды

Жанжал кезінде Өзбекстан азаматы пышақпен серігінің ішін жаралаған.

Зардап шегуші ауруханаға жеткізіліп, емделіп жатыр.

Қылмыс жасады деген күдікті азамат қамауға алынды. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.