Мәскеудегі «ЭКСПО 1520» көрмесінде Қазақстанның темір жол техникасы ұсынылды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу түбіндегі Щербинкада «ВНИИЖТ» ААҚ «Экспериментальное кольцо» темір жол көлігіне арналған сынақ полигоны аумағында V халықаралық «ЭКСПО 1520» темір жол салоны басталды.

5 қыркүйекке дейін созылатын «ЭКСПО 1520» көрмесіне темір жол техникасы мен технологиялары, тетіктері, ішкі құрылғылары, инфрақұрылымы, жолауларшылар темір жол көлігі, көліктегі ақпараттық технологиялар т.с.с. қойылды. «ЭКСПО 1520» салонына қатысуын әлемнің 18 елінен 211 экспонент растаған, мұнда «KAZNEX INVEST» АҚ және ҚР Иевестициялар және даму министрлігінің қолдауымен қазақстандық өнімдер де қойылды. «ЭКСПО 1520» көрмесіне қазақстандық электровоздар өндірушісі «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС қатысуда. Бұл көрме отандық компанияларға өзінің әлеуеті мен мүмкіндіктерін ТМД, Балтық жағалауы елдері, Еуропа елдері үшін паш етуге жол ашады», - деді «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Новосібір қаласындағы өкілдігінің басшысы Әнуар Бейсеков.

Оның айтуынша, мұндай шараларға қатысу арқылы қазақстандық өндірушілер шетелдік әріптестерімен іскерлік байланыс орната алады. «Бұл көрмеде «KZ4AT» ауыспалы тоқты отандық жолаушылар электровозын көпшілік назарына ұсындық. Шара барысында шетелдік әріптестерімізбен тікелей байланысып тұрдық, бұл әлеуетті және қазіргі тапсырыс берушілерімізбен өнімдеріміздің экспорты географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Литвамен, Украинамен, Өзбекстанмен, Әзербайжанмен байланыс орнатудамыз», - деді «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС коммерциялық директоры Андрей Ершов. «Бұл шараға қатысуымыз қазақстандық өнімнің географиясын одан әрі кеңейтеді деп үміттенеміз», - деп қосты ол.