Мәслихат сайлауы: Сауда және интеграция министрі өз таңдауын жасады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды минстрліктің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Астанада, облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда мәслихат депутаттарының жартысы партиялық тізім бойынша, қалған жартысы бірмандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда тұрғындар өз округінен депутаттыққа үміткер кандидаттарға тікелей дауыс береді.

Айта кетейік, елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.