Матч кезінде баскетболшының көзін шығарып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландиядағы Ұлттық баскетбол лигасының матчы Breakers клубының форварды Акил Митчелл үшін қайғылы аяқталды.


Допқа таласып жатқан кезде спортшының көзін шығып кетті. Ойынның таспасында Акилдың басын ұстап төмен құлап бара жатқаны бейнеленген. Баскетболшының не себепті олай жасағаны тек қолын ашқасын ғана түсінікті болды. Қуанышқа орай, барлығы жақсы аяқталды: баскетболшыны ауруханаға жеткізген, екі сағаттан кейін ол өз жанкүйерлеріне барлығының жақсы екендігін айтқан.