— Қайтыс болған адам мәйітіне компьютерлік томография арқылы сараптама жасау көзделіп отыр. Егер виртуалды аутопсия күш қолданудан келген өлім белгілерін анықтамаса, мәйітті союға қажеттілік болмауы мүмкін. Ал күш қолданудан немесе өзге де сыртқы әсерден келген өлім белгілері анықталса, қылмыстық қудалау органының қаулысы бойынша мәйітті кесу шарасы тағайындалады да, мәселе ситуацияға қарай шешіледі, - деді Ерлан Сәрсембаев.
Айта кетейік, бүгін өткен Үкімет отырысында министр виртуалды аутопсия технологиясын қолдануды ұсынды.