АСТАНА. ҚазАқпарат - Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкаиді еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирде қазақстандық тағы бір боксшы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық Теміртас Жүсіпов ширек финалда 48 келі салмақта Дониер Бекмуродовпен шеберлік байқасқан еді.
Жекпе-жекте төрешілер шешімімен Теміртас Жүсіпов жеңімпаз болды.
Нәтижесінде ол жартылай финалға жолдама алды. Ол кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізе алады.
Айта кетсек, Теміртас Жүсіпов - еліміздің алты дүркін чемпионы.
2021 жылы әлем чемпионатында жеңімпаз тұғырына көтерілсе, 2013 жылы Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты.
Қазақстандық бапкерлер аталған турнирге ел құрамасы сапында 13 боксшыны алып барды.
Еске салсақ, бұдан бұрын мұндай мүмкіндікке Дамир Әбдіқадыр (51 келі) ие болған еді.
Ал ел құрамасынан Нұрбек Оралбай 80 (келі) 1/4 финалда украинским боксером Александр Хижнякке жол беріп қойды.
Фото: sports.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.