Халықаралық турнирде қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан құрамасы Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкаиді еске алуға арналған халықаралық турнирде алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық былғары қолғап шебері Дамир Әбдіқадыр 51 келі салмақта ширек финалда әзербайжандық Хасан Маликовпен қолғап түйістірді.

Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Дамирге берілді.

Қазақстандық бапкерлер аталған турнирге ел құрамасы сапында 13 боксшыны алып барды.

Олардың қатарында Дамир Әбдіқадырдан басқа Теміртас Жүсіпов (48 келі), Дәулет Молдашев (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Ермахан Жакпеков (71 келі), Аятулла Тәкіжанов (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Шаймұрат Құсайынов (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Дамир Тойбай (92 келіден жоғары) бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын Геннадий Головкиннің әлем чемпионы титулынан бас тартқаны хабарланды.

Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар