АСТАНА. ҚазАқпарат - Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде қазақстандық төртінші боксшы финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық турнирде Айбек Оралбай (92 келі) жартылай финалда неміс боксшысы Марко Прятлячичпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында ол қарсыласынан жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Айбек осылайша ел құрамасынан финалға шыққан төртінші боксшы болып отыр.
Бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі) финалға шыққан еді.
Ел құрамасынан жартылай финалда Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Дамир Тойбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына есе жіберді.
Сондай-ақ, ел құрамасынан Нұрбек Оралбай 80 (келі) 1/4 финалда украин боксшысы Александр Хижнякке жол беріп қойды.
Қазақстандық бапкерлер аталған турнирге ел құрамасы сапында 13 боксшыны алып барды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.