Мәжіліс депутаттары ақтөбелік жұмысшылармен кездесті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары Ақтөбе хром қосындылары зауытының жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеге Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Снежанна Имашева, Бейбіт Мамраев, Қанат Мусин мен Асылбек Смағұлов келді. Олар Байғанин, Ырғыз, Әйтеке би, Мәртөк аудандарын аралап, тұрғындармен кездесті.

«Біз ауылға барып, халықпен кездесіп келдік. Мәселен, Ырғыз ауданының Жаныс би ауылындағы шағын мектеп ескіріп, жаңасы салынған. 100-ден астам бала замануаи ғимаратта біліп алып жүр. Бұл бізді қуанытты. Өңірге келгенде ауыл тұрғындарымен ғана емес, зауыт жұмысшылармен, медицина қызметкерлері және құқық қорғаушылармен кездесу болды. Тұрғындар көпбалалы аналарға бірілетін әлеуметтік жәрдемақы туралы айтты. Табысты есептеген кезде мал басы да саналады. Бірақ мал кіріс ретінде саналғанмен, оның шығыны есепке алынбаған. Біз Парламент Мәжілісінде осы сұрақты қарайтын боламыз», - деді Мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

Жұмысшылармен кездесу кезінде жастардың баспаналы болуы, зейнетақыны есептеу, жалақы көтеру жайы айтылды.

Айта кетейік, Ақтөбе хром қосындылары зауытында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Зауыт өз өнімдерін шетелге экспорттайды. Орташа жалақы - 149 мың теңге.