Мәжіліс депутаттары азаматтарды мектеп ішінде уақытша ашылған эвакуациялық пунктте қабылдады.
«Біз Ақтөбе өңіріндегі жағдайды өз көзімізбен көріп, зардап шеккен тұрғындармен кездесу үшін елордадан арнайы келдік. Жергілікті атқарушы органдармен үнемі байланыстамыз. Зардап шеккен отбасыларға тиісті көмек көрсетіледі. Бұл жағдай Мәжіліс депутаттарының жіті бақылауында болады», - деді А.Бердалин.
Сондай-ақ, депутаттар өз аттарынан жүк көлігімен азық-түлік, балалар тамағы, киім-кешек және дәрі-дәрмек сынды аса қажетті керек-жарақтар бойынша гуманитарлық көмек жеткізді. Орын алған жағдайға байланысты халықты сабырға шақыра отырып, Үкіметпен, жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп, тиісті шаралар қолға алынатынын айтты.
Депутаттар Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймаларында болып, тасқын шайып кеткен нысандарды аралап, қалпына келтіру, алдын-алу мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, алдын-ала ақпаратқа қарағанда, су тасқыны басталған мерзім ішінде Ақтөбе облысы бойынша барлығы 119 үйді су басқан. Оның ішінде 41-і тұрғын үй болса, 78-і саяжай. 300 ден астам адам апаттан құтқарылып, қауіпсіз орындарға көшірілді.