Бұған дейін AMANAT партиясының саяси кеңес бюросы Мәжілістегі партиялық тізім бойынша бос мандатты Президент жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге беру туралы қаулы қабылдағаны хабарланған.
– Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, – деді Әбутәліп Мүтәлі.
Партия таратқан мәліметке сүйенсек, AMANAT фракциясының жаңа депутаты «Болашақ» бағдарламасының түлегі, бұған дейін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп келген.
Сондай-ақ, Әбутәліп Мүтәлі Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайланды.
Айта кетейік, бүгін Мәжілісте заң мен тәртіп үстемдік ететін қоғам құруды көздейтін заң жобасы талқыланып жатыр.