Канело Қазақстандағы су тасқынына алаңдаушылық білдірді
АТЫРАУ. KAZINFORM – Мексикалық боксшы Канело Қазақстандағы су тасқынына алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.
Фото: Sports.kz
«Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау және Орал, біз сіздермен біргеміз», - деп жазды танымал боксшы.
Еске салсақ, Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үш мәрте жекпе-жек өткізген болатын. Трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары орта салмақта өткен еді. Соңғы нүктесі 2022 жылы 18 қыркүйекте қойылды.
Фото: Канелоның Instagram парақшасынан алынды
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды.
Ал, кеше Атырау облысына 1 мыңнан астам әскери қызметші көмекке келді.
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.