«Уақыт өте келе ҰБТ жүйесінде проблемалар туындап отыр әрі оның ең бастысы оқушылар оқымайды, тестіге дайындалады. Бұдан бөлек күйзеліске ұшырау жүктемесі де тым үлкен. ҰБТ арқылы бірден бірнеше мәселе шешіледі. Олар мыналар: сіздің мектепті қалай бітіргеніңіз, мектеп жұмысын бағалау, ЖОО-да білім алу үшін грант аласыз ба әлде алмайсыз ба? Бірқатар ұсыныстар бар, олардың көмегімен бұл мәселелерді шеше аламыз. Дамыған елдердегі сияқты тестіні бірнеше мәрте тапсыру мүмкіншілігі берілуі мүмкін. Мүмкін сен тестіні күйзеліс кезінде не болмаса өзіңді нашар сезінгенде тапсырған шығарсың... Сонымен қатар тестіні онлайн режімде де тапсыруға болады», - деді министр.