«Газ баллондарыныңтүрлі санаты болады. Бұрышты, көзден жас ағызатын деген сияқты түрлері көп.Сондықтан, біз санатына қарай жіктейміз. Дүкен араласыңыз, түр-түрін көресіз. Бір баламектепте баллон бүркіп, бүкіл оқушы уланған жағдайлар болған. Осындай оқиғаларболмас үшін мектепке баллон алып кіруге тыйым саламыз. Яғни, бұл азаматтардыңқауіпсіздігіне тікелей байланысты. Ең бірінші кезекте ешкім жарақат алмағаныкерек. Ішкі істер министрлігінің басты міндеті де сол», - деді министр «NurOtan» партиясының алаңында өткен азаматтарды қабылдау шарасынан кейін.
Ведомство басшысыөзін-өзі қорғау үшін сатып алынған қарудың көбі қылмысқа себепкер болыпжатқанын айтады.
«Естеріңізде болса,біз травматикалық қаруға тыйым салған болатынбыз. Иә, олар еркін сатылып келді.Оны өзін-өзі қорғау үшін ғана ұстайды деген уәждер болған. Біз талдау жасапкөрдік. Травматикалық қарумен 650 шабуыл жасалған. Арасында кісі өлімі де бар.Тек бір жағдайда ғана бұл қару өзін-өзі қорғау мақсатында қолданылған», - дедіол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай,елімізде қару сатып алудың жаңа ережесі күшіне енді. Енді азаматтар қару сатып алу үшін оны сататын дүкенде кәмелеттік жасқатолғанын дәлелдеу қажет. Сондай-ақ, сотталмағаны туралы және медициналықанықтамалар ұсынып, қару ұстаудың қауіпсіздік ережелерін білетіндігін дәлелдеуікерек.