«Мектепке жол» акциясына қандай өзгерістер енгізілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына енгізілген өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім және ғылым министрлігі 2008 жылдан бастап, жаңа оқу жылы қарсаңында«Мектепке жол» қайырымдылық акциясын жариялайды. Әдетте науқан тамыздың басындабасталып, 30 қыркүйекте аяқталатын. Биыл Президент тапсырмасымен ертерекбасталды. 3 шілдеден бастап, өңірлер мен түрлі ұйымдарға акцияға дайындықтыбастау туралы хат жібердік», - деді вице-министр «IQ Coworking» орталығында «Мектепкежол» акциясының интернет-порталының таныстырылымында.

Екіншіден, «Мектепке жол» акциясы оқу жылы қарсаңында ғана емес, жыл бойыжүзеге асырылады.

«Сонымен бірге, дәстүрлі механизммен қатар интернет-алаң құру үшін «Меніңатамекенім» бірлестігіне жүгіндік. Бұл ұйым Арыс тұрғындарына көмек көрсетудеөте тиімді жұмыс істеді. Яғни, кімнен қанша қаражат түскенін, әр тиынның қайдажұмсалғанын электронды түрде ашық көрсетіп отырды. Бұдан былай, atamekenim.kzпорталы арқылы көмекке мұқтаж ата-аналар «Мектепке жол» акциясына онлайн-өтінімбере алады. Олардың өтінімі министрліктің тізімімен салыстырылады. Яғни, шынмәнінде мұқтаж жандар есебінде тұрған отбасыларға көмектесеміз. Көмеккөрсеткісі келетін ұйымдар мен жеке тұлғалар да осы платформа арқылы онлайнқаражат аударып, оның қайда жұмсалғаны туралы есеп ала алады. Осылайша,«Мектепке жол» науқанын жыл бойы ашық, әділ түрде жалғастыра береміз», - дедіБибігүл Асылова.

Вице-министрдің айтуынша, «Атамекен» республика кәсіпкерлерін біріктіріпотыр. «Мектепке жол» акциясына қатысу арқылы отандық өндірушілер өздерін танытаалады. Отандық мектеп формасын тігушілер, аяқ киім зауыттарының тауарлары сатыпалынады.

Сондай-ақ, тұрақты интернет-алаң арқылы тұрғындардың бойында қайырымдылықкөрсету мәдениетін қалыптастыруға болады.

«Цифрландыру арқылы көрсетілген материалдық көмектің ашық, әділ бөлінуінеқол жеткіздік. Жақын арада білім беру ұйымдарына демеушілік, қайырымдылық көмеккөрсету толығымен автоматтандырылған режимге көшеді. Басқа салалар да біздіңжобаны үлгі ретінде қолдана алады», - деді Б. Асылова.

Айта кетейік, Қазақстанда 12 жыл бойы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясыөткізіліп келеді. Акция барысында әлеуметтік себептер бойынша мектепкебармайтын балалар анықталады және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтағыбалаларын мектепке дайындау бойынша көмек көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар