Мектепке жол: Ақтөбеде 16 мың оқушыны демеушілер мектепке дайындайды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы, аз қамтылған отбасындағы оқушыларға көмек көсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балаларды мектепкедайындау басталды. Оларға демеушілердің көмегімен киім-кешек, оқу құралы сатыпалынады.
«Өткен жылы кәсіпкерлердің, қоғамдық ұйымдар және меценаттардың көмегімен 22 мыңнан астам бала мектепке дайындалды. Оларға 206 миллион теңге көлеміндеқаржы жұмсалды. Ал биыл 15 күн ішінде 3 мыңнан астам бала қамтылды. Балалардыңқажеттілігіне 21 миллион теңге жұмсалды. Атап айтқанда 273 оқу құралытолтырылған сөмке, 228 мектеп формасы, 198 спорттық костюм, 241 аяқ киімалынды. 1 қыркүйекке дейін 16 387 мың баланың мектепке қажетті киімі,құрал-жабдықтары алынады», - деді облыстық білім басқармасы басшысыныңорынбасары Нұргүл Бертілеуова.


Ақтөбенің Шалқар, Темір, Мұғалжар, Хромтау, Қобда аудандары мен Ақтөбеқаласында белсенділік жоғары.

«Казхром» ТҰҚ» АҚ, «СНПС– Ақтөбемұнайгаз», «ҚазақОйлАқтөбе» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Шаңырақ» қоғамдық қоры, «NurOtan» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы да көмек берді.
«Әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармай жүрген балалар туралы ақпараттыбілген жағдайда Білім басқармасының 55 17 92 сенім телефонына хабарлауыңыздысұраймыз.
Біз «Мектепке жол» акциясына облысымыздың барлық тұрғындарын белсенді қатысуғашақырамыз. Бұл қайырымдылық іс-шараға қатысуға тілек білдіргендер жеткіліктіболады деген сенімдеміз», - деді Нұргүл Бертілеуова.

Соңғы жаңалықтар