Мектепке жол: Министр қайырымдылық жасауға шақырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық жасауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдымызда жаңа оқу жылы келе жатыр. Сәйкесінше, оқушыларымызға оқуқұралдары мен мектеп формасы қажет екенін білесіздер. Осы мәселені шешу үшінжыл сайын еліміздің барлық өңірінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2008 жылдан беріұйымдастырылып келе жатқан акция аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы төменотбасылардың балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларғаарналған», - деп жазды министр Фейсбук желісінде.

Оның айтуынша, 2018 жылы акция аясында 328 766 оқушы 2 млрд 822 млн 846 мыңтеңгеге материалдық және қаржылық көмек алған. Мемлекет басшысының арнайытапсырмасына сәйкес, «Мектепке жол» акциясы 2 ай ғана емес, жыл бойы іскеасатын болады.

«Біздің министрлік «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің өкілдеріменкездесіп, қосымша портал арқылы онлайн түрде көмек көрсету туралы келісімгекелдік. Ендігі кезекте демеушілер мен меценаттар www.atamekenim.kz порталындаорналасқан өтінім және тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек көрсете алады.Сонымен, бүгіннен бастап «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің порталында«Мектепке жол» акциясының жұмысын ресми түрде іске қосамыз», - деді ведомствобасшысы.

Онлайн портал арқылы балаға бір рет қана емес, жылдың әр мезгілінде қажеттіқұрал-жабдықпен көмектесеуге болады.

Екіншіден, көмекке мұқтаж жандар мен қайырымдылық жасайтын азаматтардыңарасында тікелей байланыс орнатылады.

Үшіншіден, көмекке зәру адамдардың шынайылығын растап, олардың көмектен тысқалмауы қамтамасыз етіледі.

Төртіншіден, қаражаттың түсуі мен пайдаланылуын онлайн түрде бақылауғаболады.

«Құрметті достар! «Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасады. Мемлекеттікқызметкерлерді, бизнесмен-меценаттарды, білім басқармаларының басшыларын,ректорларды және баршаңызды осы акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамын. Кезкелген істі басқаға айтпас бұрын, өзім үлгі болуым керек деген оймен акцияныөзімнен бастайын деп отырмын. Жақсылық жасайық достар!», - деп жазды АсхатАймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар