АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектептерде әлеуметтік жағдайы төмен балаларды тегін тамақтандыруда еш өзгеріс болмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.
«Бүгінгі таңда елімізде 2,5 млн. оқушы болса, олардың 70 пайызы ата-аналарының қаржысы есебінен тамақтанады. Ал қалған 30 пайызы, яғни әлеуметтік жағдайы төмен балалар мемлекет тарабынан тамақтандырылады. Ол ұзақ уақыттан бері жүргізіліп келе жатқан жүйе. Оны біз жалғастыратын боламыз. Еш өзгеріс болмайды», - деді министр.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.