Мектептерде күрделі жөндеуді қаржыландыру басқаша жүргізіледі - БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мектептерді қаржыландырудың жаңа жүйесі туралы айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, мектеп құрылысы мен күрделі жөндеуді қаржыландырудың жаңа методикасы енгізіледі. "Қаржының көлемі оқушылардың контингентіне қарай анықталады. Ал қай жерде мектеп салу қажеттігін шешу жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне берілетін болады. Барлық деңгейдегі білім беру бағдарламалары заман талабына сай өзектендіріліп отырады", - деді К.Шәмшидинова Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, отырыста ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясының XVIII сьезінде берген тапсырмалары талқыға салынды. ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім саласында 500 мыңға тарта адамның жалақысын көтеруді көздейді.

"Білім беру саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын ұлғайту дифференциалды түрде 30 процентке дейін жүзеге асатын болады. Білім саласында 500 мыңға тарта адамның жалақысы өседі деп күтілуде. Олардың қатарында мектепке дейінгі ұйымдар мен интернаттардың тәрбиешілері, оларлың көмекшілері, методистер, әлеуметтік педагогтар, балабақша мен колледж псиxологтары, қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері, кітапxанашылар, вожатыйлар, буxгалтерлер, іс жүргізушілер, еден жуушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантеxниктер мен электриктер сияқты басқа да теxникалық қызметкерлер бар. Қазіргі кезде ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігімен қызметкерлердің санаттарын және жалақысын арттыру көлемін нақты анықтау жұмыстары жүргізілуде", - дейді К.Шәмшидинова.

Бұдан бөлек, жаңа министр білім реформасы туралы айтты.