Брифинг барысында вице-министрге «Астананың көп мектептерінде Л.Петерсон есімді автордың математикадан қосымша сабағы жүргізіледі. Соған ай сайын 10-15 мың теңге көлемінде балалардан ақша алады. Ал басқа пәндер оқытылмайды. Осы орайда Ресейде шыққан кітаптың біздің балаларға керек пе?» деген сауал қойылды.
«Бұл сұрағыңыз өте дұрыс. Бізде министрлікте мектептегі оқу үрдісінде пайдаланатын арнайы қосымша оқу құралдары мен оқулықтар бекітілген. Мен жаңағы аталған автордың оқу құралы бұл тізімге кіргенін немесе кірмегені жайында қазір нақты айта алмаймын. Өйткені оның тізімі өте үлкен. Бірақ егер соның ішіне енген болса, біздің мектептер оны пайдалануға болады, бірақ ақылы түрде емес. Сол себепті бұл ақпаратты қосымша тексеріп, білуіміз керек», - деді Т.Балықбаев.
Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік білім стандартының негізінде орта білім ақысыз жүргізіледі.
«Егер олар стандарттан тыс қосымша сабақ ретінде арнайы олимпиадаға немесе басқа білім сайыстарына даярлауға қажет болса, онда ол басқа мәселе. Сондықтан бұл мәселені нақтырақ тексеріп көреміз», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.