«Еш жерде де қандай да бір бұйрықпен шырша мерекесін өткізуге шектеу қойылған жоқ. Менің білетінім, біздің қалаларымыздың бірқатар мектебінде ата-аналар директорларға жаңажылдық бағдарламаның қымбаттығына шағымданған. Сондықтан мектеп директорлары мектеп шыршасын өткізбеу шараларын қабылдаған. Бұл қоңыраулар бізге түсіп, біз мән-жайды анықтадық. Жаңа жылды мерекелеуге арналған мектеп шыршасы міндетті түрде болуы қажет. Бірақ, сыйлыққа ақша жинауға тыйым салынған», - деді вице-министр.
Суханбердиева Білім министрлігі кез келген қажеттілікке ақша жинауға түбегейлі тыйым салатындығын атап өтті. 1 қаңтардан кейін бұл мәселені шешу үшін министрдің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізілетін болады.