Мектептердің жартысына жуығы салынғанына 40 жылдан асып кеткен - Асхат Аймағамбетов

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы мәселеге байланысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әкімдіктерден қаржыландыру амалдарын қарастыруды сұрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 6 678мектепте ағымдағы жөндеу жүргізілді. Күрделі жөндеуге келетін болсақ,жергілікті атқарушы органдар жыл сайын апаттық мектептердің өсуін туындататынмектептерді жөндеу жұмысын толығымен қаржыландырмайды. Мектептердің 44 пайызы1980 жылға дейін салынғанын ескере отырып, әкімдіктерден күрделі жөндеугетиісті қаржыландыру амалдарын қарастыруын сұраймын», - деді министр Үкіметотырысында.

Оның айтуынша, биыл323 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл қажеттіліктің 45 пайызын ғанақұрап отыр.

«10 тамыздағыжағдайға сүйенетін болсақ, жалпы күрделі жөндеу 129 мектепте аяқталып, 194мектепте жалғасуда. Ақмола, Алматы, Атырау облыстарында жөндеу жұмыстарыныңаяқталмай қалу қаупі туындағанымен, Үкімет басшысың тікелей тапсырмасы бойыншабұл мектептерде қосымша жұмысшылар тартылып, олар 2-3 ауысымда жұмыстыжалғастырып жатыр. Жалпы, менің өзім де біраз мектептерді аралап қайттым.Бақылау департаменттері де тексерді. Жалпы, жұмыс қарқыны жақсы. Осы мектептер1 қыркүйекке дейін жұмыстарын аяқтайды деп есептейміз», - деді АсхатАймағамбетов.

Еске сала кетсек,бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин өңір әкімдеріне барлықбілім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100 пайыз дайын болуы керектігін тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар