Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына бақылау күшейтіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова барлық өңірдің білім басқармаларының басшыларымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, басты назар білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығына аударылды.

Жаңа мектептер құрылысының барысы, жөндеу жұмыстары және қолданыстағы білім беру ұйымдарының оқушыларды қабылдауға дайындығы қаралды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Білім басқармаларының басшылары өңірлердегі құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысы, нысандардың дайындығы және шешуді қажет ететін мәселелер туралы баяндады.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

— Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерге жұмыстардың мерзімі мен сапасын бақылауды күшейтіп, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына толық дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды, — делінген хабарламада.

Осыған дейін жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа баратынын жазғанбыз.