ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комиеттінің хабарлауынша, «Мельница» мейрамханасына жапсарлас салынған ғимараттың шатыры өртенген.
«6 тамыз күні сағат 15:09-да «101» пультіне Тұран даңғылындағы 31-ғимаратта орналасқан «Мельница» мейрамханасы өртенгені туралы хабар келіп түсті. Қолданылған шаралар арқылы өрт сағат 17:18-де өшірілді. Шамамен 200 шаршы метр аумақты от шарпыған. Мейрамхана келушілері өздігінен эвакуацияланған», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комиеттінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Оқиға салдарынан ТЖ комиметінің Апаттар медицинасы орталығына 2 адам көмекке жүгінген. Олардың қолы мен аяғын аздап күйік шалған. Олар дәрігер қарауынан кейін үйге қайтарылған.
Өртті сөндіруге 41 адам мен 9 өрт сөндіру техникасы және ҚР ІІМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы атсалысты.