Мемқызметшілер жоғары лауазымға іріктеу конкурсының әділ өтетініне сенбейді - Анар Жайылғанова

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылғы статистикаға сенсек, жоғары лауазымдарға орналасуға арналған ішкі конкурстарда мемлекеттік қызметшілердің белсенділігі төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің кеңейтілген кеңесінде сөз сөйлеген МҚІА төрағасы Анар Жайылғанованың айтуынша, аталған жағдайдың бір себебі - қызметкерлер осы байқаудағы іріктеудің әділдігіне сенбейді.

«Жеткілікті құқықтық реттеуге қарамастан,меритократия қағидаттары іс жүзінде толық көлемде сақталмай отыр. Жергіліктіжерлердегі ахуалға егжей-тегжейлі талдау жасап, аталған тәжірибені жоюбойынша шара қабылдауды сұраймын. Қазақстандықтар меритократияқағидаттарының шын мәнінде жұмыс жасайтынын көруі керек», - деді ол.

Осы мәселені шешу үшін «E-kyzmet» жүйесі арқылыкадрлық тағайындауларға мониторинг жүргізу ұсынылды. Бұл үшін осы жүйенімемлекеттік органдарда ықпалдастыруды аяқтау және оны жетілдіру қажет, бұлкадрлық тағайындауларға толық мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Яғни, жүйе тағайындаудың барлық процестерін «қадағалауға»және заңсыз кадрлық шешімдер қабылдау, біліктілік талаптары, командалықжылжулармен манипуляция жүргізуге мүмкіндік бермеуі тиіс.

Анар Жайылғанова барлық жеке құрамға меритократияқағидатын сақтау, кадрлық ауысулардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету - агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі екенін еске салды.


Соңғы жаңалықтар