Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу Даби әуежайынан БАӘ Вице-президенті шейх Мансұрбен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Фото: Ақорда

 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президенттің ақпаратқа қол жеткізуге қатысты заңға қол қойғанын жазған едік.