Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу Даби әуежайынан БАӘ Вице-президенті шейх Мансұрбен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президенттің ақпаратқа қол жеткізуге қатысты заңға қол қойғанын жазған едік.