Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Фото: Ақорда

Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі.

Фото: Ақорда

Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады. 

Айта кетелік Тоқаев Қазақстан Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін айтқан еді