Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Давоста бірқатар кездесу өткізгенін мәлімдеді.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен, Премьер-министр Никол Пашинянмен, Индонезия Президенті Прабово Субиантомен, Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен және ФИФА президенті Джанни Инфантиномен аз-кем әңгімелесті, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, осы жиында Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.