АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Санаулы сәттерден кейін мұнда АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі өтеді.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ Президентінің шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен баратыны туралы жаздық.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.