Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіру туралы заңға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақорда

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Еске сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинетінің мүшелері еңбек қауіпсіздігін және өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын талқылады.

Онда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев өндірістік жақараттану деректерін анықтау мәселесіне қатысты түсінік берді.