Мемлекет басшысы Эмманюэль Макронды әуежайдан шығарып салды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Франция Президенті Эмманюэль Макронды әуежайдан құрметтеп шығарып салды, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Еске салайық, Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция Президенті Эмманюэль Макронды қарсы алды.

Қазақстан мен Франция президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді. 

Макрон бұл сапар екіжақты серіктестік үшін маңызды жылмен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты.

Қазақстан Президенті өз сөзінде Франция – Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды серіктесі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Президент кездесу кезінде білім және ғылым саласындағы жобаларды қолға алуға ерекше көңіл бөлінгенін жеткізді.

Эмманюэль Макрон қазақ мектептеріне француз тілін оқыту тәжірибесі қайта оралғаны маңызды екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі түрлі саяси шиеленістер мен экономикалық дағдарыстар елді алаңдатып отырғанына тоқталды.

Франция Президенті мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың франциялық үлгісі туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Франция президенті Эмманюэль Макрон Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақордадағы кездесуі кезінде Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасына көңіл айтты.

Мемлекет басшыларының кездесуінен кейінгі қос елдің қарым-қатынасы қай бағытта дамуы мүмкін?

Қазақстан мен Францияның ресми делегация мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды.

Айта кету керек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға былтыр жасаған ресми сапары аясында 35 құжатқа қол қойылған болатын.