Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Президент жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысанды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады. Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.

Photo: Akorda
Photo: Akorda