Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды осы елдің ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастық бірлескен күш-жігер арқылы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Куба халқына бақ-береке тіледі.

Осыған дейін Президент жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.