Мемлекет басшысы Нигерия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM –Қасым-Жомарт ТоқаевНигерияның Тәуелсіздік күніне орай Президент Бола Ахмед Тинубуға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

ҚазақстанПрезиденті еліміз Нигерияны Африкадағы сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын, сондай-ақ саяси диалогты нығайтуды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруды қолдайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Нигерия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Осыған дейін Тоқаев Сауд Арабиясы Королін Ұлттық күнімен құттықтады.