АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады.
Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.
Сонымен қатар экономикалық кооперацияның, әсіресе, көлік-логистика және инвестиция бағытындағы ықпалдастықтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану маңызды екені атап өтілді.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Словениямен қандай салаларда тың жобаларлар жүзеге асырылатындығын атады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.