Мемлекет басшысы Португалия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Жозе Мартинш Сегуру мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Президент айтулы мейрам қарсаңында Португалияның 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын аталған елдің жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздікті нығайту жолындағы маңызды рөліне көрсетілген зор құрмет пен жоғары халықаралық сенімінің көрінісі деп атап өткен.  

Мемлекет басшысы сан қырлы байланыс халықтарымыздың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия Президентінің жауапты қызметіне толайым табыс, ал халқына өркендеу мен құт-береке тіледі. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Президент Иордания Королін Таққа отырған күнімен құттықтағанын хабарлаған едік.