Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
09:01, 12 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп жазды Ақорда.
– Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Айта кетейік, Президент словактарды Транскаспий дәлізін дамыту жобасына қатысуға шақырды.