Президент жеделхатында Руанда Республикасы Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі саналатынын атап өтті.
Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаменің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Руанда халқына құт-береке тіледі.
Айта кетелік Мемлекет басшысы Конго президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтаған еді.