Мемлекет басшысы Шри-Ланка президентіне көңіл айтты

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

— Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарына көңіл айтты, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесімен құттықтаған еді.