Мемлекет басшысы Цифрлық кодекске қол қойды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетелік Президент Құрылыс кодексіне қол қойған еді