Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен барша түрікмен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өткен.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында мазмұны байи түскен ықпалдастықтың стратегиялық серіктестік рухына және қос халықтың мүддесіне толық сай келетініне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев сан қырлы мемлекетаралық байланысты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растап, Сердар Бердімұхамедовтің бауырлас түрікмен халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Айта кетейік, Президент Түрікменстанмен инвестицияларды қорғау жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойған еді.