Президентті «Ынтымак Ордо» резиденциясында Садыр Жапаров күтіп алды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін «Ынтымак Ордо» резиденциясына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров күтіп алды.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, Президент ҰҚШҰ кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды.

Фото: Ақорда

Бүгін, 27 қарашада Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы өтеді.