«Каспий итбалығы популяциясының төмендеуі мәселесі өзекті болып тұр. Ол екі елдің де Қызыл кітабына енген. Осы бірегей жануарды сақтауға, олар мекендейтін әрі көбейетін территориясын қорғауға қатысты кідіріссіз іс-шаралар керек. Сондықтан Солтүстік Каспийде мемлекеттік резерваттарды құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Көкшетауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтіп жатыр.
ҚР Президенті Қ. Тоқаев ел аумағында орман алқабын арттыру жұмыстарын айтты.