Мемлекет басшысының БАӘ-ге сапарының екінші күніне видеошолу
23:44, 28 Қаңтар 2020
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының екінші күніне бейне шолу жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.
Сапар аясында ҚР Президенті Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.
Кездесуде Мемлекет басшысы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 28 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан мен Әбу-Даби ынтымақтастықты бекемдей отырып, ашық әрі мазмұды диалог орнатқанын мәлім етті.Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу-Дабидегі шейх Заид мешітіне барды.
Сонымен қатар, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтетін «EXPO-2020» көрмесіне дайындық барысымен танысты.