Мемлекетке құны 26,7 млрд теңге болатын бірегей «Теке» көлі қайтарылды

Фото: Фото: Олеся Жуковень/агентство Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – 2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға жалпы ауданы 21,5 мың га Теке көлін бергені анықталды.

— Дегенмен, 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына қарамастан, уәкілетті орган жер кодексінің талаптарына қайшы, екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған, су қорының жері мақсатсыз пайдаланылған. Бұдан басқа, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің талаптарына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектісі құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімінен алынбаған, — делінген Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан хабарламада. 

Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қабылданған шараларымен жер учаскесін жалдау шарты сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзылды.

Фото: Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Кадастрлық құны 26,7 млрд теңге болатын жалпы ауданы 21,5 мың га ащы — тұзды Теке көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

— Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекет мүдделерін қорғау мәселелері СҚО прокуратурасының ерекше бақылауында, — делінген хабарламада.

Айта кетелік үш жылда 12,1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылған еді